«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады»: ІІМ Алматыда қызметкерді кепілге алған күдіктіге қатысты пікір білдірді

"Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады": ІІМ Алматыда қызметкерді кепілге алған күдіктіге қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзден

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы әуежайында адамдарды кепілге алған ер адамның әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Әділовтың сөзінше, сол сәтте полицейлердің жасаған әрекеті белгіленген тәртіпке сай жүргізілді.

«Әуежай – адам көп болатын стратегиялық нысан. Онда күш қолданбас бұрын жағдайды мұқият бағалау қажет. Қаруды қолданумен байланысты кез келген әрекет ақпаратты тексеруді, жоспарды әзірлеуді және оны залалсыздандыру шараларын қолдануды талап етті. Осы орайда күдіктіні ұстауға көмектескен азаматтың да ерлігін айта кеткен жөн. Полиция алгоритм бойынша әрекет етті. Оларды қудалау мүмкін емес», – деді Әділов.

Бұл жағдайда әуежай қызметкерлері жазалануы мүмкін.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі. Әуежайдың барлық қызметтері, соның ішінде авиациялық қауіпсіздік қызметі жауапкершілікке тартылады», – деді Әділов.

Ұқсас жаңалықтар

«Mercedes, пәтер немесе 50 миллион теңге»: Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

Онлайн-саудамен айналысатындар салық төлеушілер тізіміне енгізіледі

Алматыда сот орындаушы 370 миллион теңге мен Range Rover автокөлігін иемденіп алған