«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Президент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды іске асыру жоспарына қол қойды

ұлттық құрылтай
akorda.kz

Құжат 53 тармақтан тұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды. 53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген.

Оның сөзінше, жоспар президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты шараларды қамтиды.
Мемлекет басшысының гуманитарлық бастамаларын жүзеге асыру үшін:

«Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу;
Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту;
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын қабылдау,
Ұлттық цифрлық архив құру;
бизнес өкілдерін тарта отырып аймақтарда театрларды салу және дамыту, сондай-ақ ұлттық театрларға қолдау көрсету;
Шетелде Абай институтын ашу;
Халықаралық биологиялық әралуандықты қорғау қорын құру қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейде күшті жер сілкінісі тіркелді

Түрмедегі екі мыңнан астам әйел бостандыққа шығуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу