«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҒылым

Елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді

Елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді
Көрнекі сурет

Қазақстанда екі өңірдегі жоғары оқу орнының атауы өзгертілді.

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті болып өзгертілді.

Сондай-ақ Шәкәрім атындағы Семей университетінің атауы «Шәкәрім университеті» болып өзгертілді.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, Арқалық педагогикалық институты 1972 жылы 12 сәуірде құрылды, 1977 жылы қазанда жоғары оқу орнына Ы. Алтынсаринның есімі берілді.

Ал Шәкәрім атындағы университет 1934 жылы Семей педагогикалық институты ретінде құрылды, ал 1936 жылы оқу орнына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. 1993 жылы институтқа Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілді.

Еске салайық, былтыр жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа моделі әзірленіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар өткен жылы отандық жоғары оқу орындарына тәуелсіз бағалау жүргізілетіні айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

«Еске түсіру оңай емес»: Марқұм Шерзаттың әжесінен сотта жауап алынды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп

Қазақстанда сәуір айынан бастап не өзгереді?

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу