«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарБасты ақпарат

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар — ТЖМ

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.

Қауіп Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы елді мекендерге қатысты.

Жүнісбековтің айтуынша, былтырғы тәжірибе негізінде су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді алдын ала модельдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін «Қазгидромет» болжамдары, Tasqyn ақпараттық жүйесі және Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламасы қолданылып жатыр. Қазіргі таңда аталған жүйелер 30 елді мекен бойынша тәуекелдерді анықтаған.

Оның сөзінше, су тасқынымен күреске қажетті күштер мен құралдар толық дайын. Жалпы саны 39 мыңнан астам адам, 12 мың техника, 4 мыңнан астам су сорғыш және 700 жүзу құралы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ТЖМ-нің қосымша резерві де әзір тұр: 930 адам, 113 техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы.

Қажет болған жағдайда ТЖМ авиациясы, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелері және «Қазақстан темір жолы» ресурстары тартылады.

Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шаралар қабылдауды және өңірлерді жеке аралап тексеруді тапсырған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Каспийді сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді

Терезеден балаларын лақтырған әйелді полицей қарауылдауда

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандықтар Magnum сауда үйіне «Байкот» жариялады