«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Терезеден балаларын лақтырған әйелді полицей қарауылдауда

Павлодарда терезеден балаларын лақтырған әйел қазір полицияның бақылауында. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы хабарлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, әйелдің аурухана палатасы тәулік бойы қарауылда тұр.

Қазіргі уақытта әйелдің денсаулығы ауыр болғандықтан, оған ешқандай қамауға алу шарасы қолданылмаған. Өйткені, ол өздігінен қозғала алмайды. Палатада кезекші полицейлер тәулік бойы бақылау жүргізуде, — деді облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Ибраев.

Полиция өкілдері әйелдің көршілерінен алынған мәліметтерді де растады. Олар өткен жылы әйелдің өзін-өзі өлтірмек болып, бес қабатты үйдің терезесінен секірмек болғанын айтқан.

2024 жылы әйел балконнан секіріп кетуге тырысқан. Бұл факт тіркелді, бірақ қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылды, — деп түсіндірді Ибраев.

Павлодардағы №1 қалалық аурухана 7 тамызда әйелге ота жасағанын хабарлады. Ол 1 тамыздан бері көп жарақат алғандар бөліміне жатқызылған. Ота кезінде әйелдің екі өкше сүйегіне остеосинтез жасалған. Қазіргі жағдайы тұрақты.

Әйелдің үлкен ұлы да ем қабылдап жатыр. Балада жамбас сүйектерінің сынуы байқалғандықтан, оған қатаң төсек тәртібі белгіленген. Бірақ жағдайы жақсарып келеді, баланың хәлі қанағаттанарлық деңгейде. Осы уақытта оның жағдайын отбасының бір туысы бақылап отыр, — деп мәлімдеді Павлодар облыстық балалар ауруханасы.

Ұқсас жаңалықтар

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН EMBA МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен науқастар іздестіріліп жатыр

Алматыдағы балалар үйі өз орнында қалатын болды – Тоқаев шешімі

Redaktor Shyn-Ar