«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратДенсаулық

Қазақстандықтар клиникалардағы сыбайлас жемқорлық туралы анонимді хабарлай алады

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 7 мамыр күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру жүргізеді. Қазақстан азаматтары сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдіктері туралы анонимді түрде хабарлай алады. Ол үшін шағымдарды a.ismukhametov@dsm.gov.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы ақпаратты, сондай-ақ аталған саланы жетілдіруге қатысты ұсыныстарыңызды жіберулеріңізді сұраймыз. Құпиялылық толық сақталады», – делінген мәлімдемеде.

Жиналған ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Экс-президенттің отбасы мүшелері билікке қайта оралады» деген норма жоқ – депутат жаңа Конституция туралы

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанның ұлттық нышандар тізімі бекітілді

USAID және ЛГБТ ұйымдарына қарсы петиция жарияланды

Redaktor Shyn-Ar