«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпарат

3625 құқықбұзушылық: Шымкентте жүргізушілер жаппай жауапқа тартылды

Шымкентте жүргізілген рейдтер барысында көлігінде міндетті қауіпсіздік құралдары жоқ жүргізушілерге жаппай айыппұл салынды.

Алғашқы екі күннің өзінде 3625 құқықбұзушылық анықталған. Тексеру кезінде дәрі қобдишасы, өрт сөндіргіш, апаттық тоқтау белгісі және жарық шағылыстыратын жилеті жоқ жүргізушілер жауапкершілікке тартылған.

Жүргізушілердің айтуынша, әсіресе жарық шағылыстыратын жилетке сұраныс күрт артқан. Соның салдарынан оның бағасы да бірнеше есе қымбаттаған. Мәселен, бұған дейін шамамен 1000 теңге тұрған жилет қазір 2,5–3 мың теңгеге дейін жеткен.

Рейдтер тек жүргізушілерге ғана емес, осы тауарларды сататын кәсіпкерлерге де әсер етті. Саудагерлердің айтуынша, сұраныстың артуына байланысты бағалар көтерілген. Бұрын 1000 теңгеге алынған тауар қазір 1800 теңгеден келіп, шамамен 2000 теңгеге сатылып жатыр. Кейбір тауарлар бір айға жетуі тиіс болса да, бір күннің ішінде өтіп кеткен.

Осылайша, тексерістер жол қауіпсіздігін күшейтумен қатар, нарықтағы бағаға да ықпал еткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда сиыр еті бойынша сенім телефоны ашылды

Redaktor Shyn-Ar

Астанада LRT құрылысын аяқтау үшін жер мен жылжымайтын мүлік сатылымға қойылды

Оңтүстікте бір сағатқа ұзақ: Қазақстанда ораза ұзақтығы өңірге қарай өзгереді