«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Қатар Қазақстандағы «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін жаңғыртуға 8 млн доллар бөледі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қатарға жасаған ресми сапары барысында Қатар даму қорының Бас директоры, жоғары мәртебелі Фахд бин Хамад Әс-Суләйтимен стратегиялық кездесу өткізді. Тараптар діни-ағартушылық саланы дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту және ұзақмерзімді серіктестік орнату мәселелерін талқылап, екіжақты келісімге қол қойды.

Келісім аясында Қатар даму қоры Қазақстанға 8 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бағыттайды. Бұл қаражат Астана қаласындағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітін жаңғырту және кеңейту, сондай-ақ оның базасында заманауи рухани-мәдени орталық салу жобасына жұмсалады. Құрылыс жұмыстары толықтай Қатар қорының бақылауында жүргізіліп, нысан дайын күйінде ҚМДБ-ға тапсырылмақ.

Наурызбай қажы Тағанұлы Қатар тарапына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, бұл серіктестік Қазақстандағы діни-ағартушылық экожүйенің сапалы дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.

Өз кезегінде Фахд бин Хамад Әс-Суләйти Қатардың Қазақстандағы маңызды әлеуметтік және мәдени бастамаларды қолдауға әрдайым дайын екенін және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар ортақ жобаның ел игілігіне уақытылы әрі сапалы түрде пайдалануға берілуіне мүдделілік танытты.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев пен Трамп құны 17 миллиард доллардан асатын келісімге қол қойды

Алматының Бостандық ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті төлеуді талап етіп, петиция жариялады