«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректерді жариялады.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда елде 20 604 819 адам тұрады. Осылайша, Қазақстан халқы 20,6 миллиондық межеден асты. Салыстыру үшін, 1 шілдеде республика тұрғындарының саны 20 590 589 адам болған. Ал жыл басынан бергі жалпы өсім 104 997 адамды құрады.

Халық саны ең көп өңірлер қатарында Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр. Бұл өңірлерде тиісінше 2 379 793 және 2 144 993 адам тұрады.

Тұрғындар саны миллионнан асатын қалалар мен облыстар:

  • Астана – 1 690 605 адам;
  • Алматы облысы – 1 614 234 адам;
  • Шымкент – 1 313 348 адам;
  • Жамбыл облысы – 1 211 705 адам;
  • Қарағанды облысы – 1 130 313 адам.

Халық санының ең жоғары өсімі елордада тіркеліп отыр. Астанадағы өсім қарқыны 3,14 пайызды құрады. 1 шілдеде қала халқы 1 682 721 адам болған. Демек, бір айдың ішінде елорда тұрғындарының саны шамамен 7,9 мың адамға артқан.

Осы қарқын сақталса, алдағы айларда Астана халқының саны 1,7 миллион адамнан асуы мүмкін.

Ал халық саны ең аз өңірлердің қатарында:

  • Ұлытау облысы – 217 670 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 511 455 адам;
  • Абай облысы – 591 903 адам.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанцам спишут миллиардные штрафы

Элиталық коттедж, 6 қымбат көлік: Шымкентте университеттегі ақша жымқыру схемасы әшкереленді

Redaktor Shyn-Ar

Киевке ауқымды шабуыл жасалды