«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Киевке ауқымды шабуыл жасалды

Украина астанасы Киев тағы да ауқымды әуе шабуылына ұшырады. Түнгі уақытта басталған соққылар салдарынан қаланың барлық дерлік ауданында қираулар мен өрттер тіркеліп, адам шығыны болды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ресей әскері Киевке әуеден жаппай шабуыл жасаған. Шабуыл түнгі сағат 01:00 шамасында басталған. Алғашқы хабарламаларда снарядтардың бірі Киевтегі тарихи және діни нысандардың бірі саналатын Киев-Печерск лаврасының аумағындағы Успен соборына түскені айтылды.

Соңғы деректер бойынша, шабуыл салдарынан 4 адам қаза тауып, 25 адам жараланған. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың мәлімдеуінше, көпқабатты тұрғын үйлер, қоймалар, автокөліктер, кәсіпорындар және инфрақұрылым нысандары зақымданған. Қаланың бірнеше ауданында құтқару және өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ шабуыл кезінде электр беру желілеріне зақым келіп, соның салдарынан Киевтің солтүстік бөлігіндегі шамамен 140 мың абонент жарықсыз қалған.

Ал Ресейлік ақпарат құралдары шабуыл барысында Украинаның бірқатар стратегиялық нысандарына соққы жасалғанын хабарлады. Атап айтқанда, Mash Telegram-арнасының мәліметінше, зымырандар Украина қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің маңызды кәсіпорындарының бірі саналатын «Арсенал» зауытына тиген.

Бұған дейін аталған зауыт оптикалық-механикалық және оптикалық-электрондық жүйелер өндірумен айналысқан және Украинаның стратегиялық маңызы бар нысандарының қатарына енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта шабуылдың нақты салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақша оқытсам, ұтылмаймын ба?» педагог баласын орыс сыныбына беретіндерді сынады

Redaktor Shyn-Ar

Алматыдағы балалар үйі өз орнында қалатын болды – Тоқаев шешімі

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда мал саны өссе де, өнім неге азайып жатыр?: сенатор ресми деректерге күмән келтірді