«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Қазақстанда 1-сынып оқушылары «Әліппені» ұзағырақ оқиды

Қазақстанда бірінші сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламасының мазмұны жаңартылды. Өзгерістер негізінен тілдік пәндерді оқытуға, әліппеге дейінгі кезеңнің ұзақтығына және қазақ тілінде алғаш рет білім алып жатқан балаларды оқыту тәсілдеріне қатысты.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жаңартылған бағдарламада тілдік пәндердің мазмұны қайта қаралған. Атап айтқанда, әліппеге дейінгі дайындық кезеңі 12 сағатқа ұзартылып, «Әліппе» пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді. Ал «Ана тілі» пәні бірінші сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап оқытылады.

Сонымен қатар қазақ тілінде алғаш рет білім ала бастаған балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Оның мақсаты – оқушылардың қазақ тілін меңгеруіне қолайлы жағдай жасап, оқу үдерісіне біртіндеп бейімдеу.

Министрлік бастауыш мектептегі оқу мазмұнын жаңартудың бірнеше негізгі мақсатын атап өтті. Олар:

  • оқу материалдарының сабақтастығын қамтамасыз ету;

  • балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін күрделі тақырыптарды оңтайландыру;

  • оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылықтың берік негізін қалыптастыру.

Жаңартылған бағдарлама кезең-кезеңімен енгізіледі. Онымен 2026 жылы оқушылардың 50 пайызы, 2027 жылы 89 пайызы, ал 2028 жылы 100 пайызы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Ведомствоның болжамынша, жаңа оқу бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасы 2027 жылы 15 пайызға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35 пайызға артады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік ер адам вейп үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда 20 қазаннан бастап кейбір көліктерді әкелуге тыйым салынады

Жағымпаздыққа тоқтам бола ма?