«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты

Қорғаныс вице-министрі Серік Бұрамбаев Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолдары бар ма деген сұраққа жауап берді.

Вице-министр Қазақстанда әзірге “баламалы әскери қызмет” ұғымы жоқ екенін атап өтті.

“Бірақ бізде 24 жасқа толғаннан кейін, белгілі бір себептермен немесе денсаулық жағдайына байланысты ресми түрде ақша төлеп, 40 күндік курстан өтіп, әскери билет алу мүмкіндігі бар. Қазір нақты есімде жоқ, бағасы шамамен 240–300 мың теңге”, – деді Серік Бұрамбаев.

eGov порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінде әскери оқыту резервінің бағдарламасы бойынша оқу курсынан өту ақысы – 390 000 теңге.

Вице-министртің айтуынша, бұл үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, өтінішті онлайн, яғни “цифрлық әскери комиссариат” арқылы беруге болады.

“Талаптар: жасы 24-тен жоғары болу және белгілі бір шектеулердің болуы. Мысалы, сіз ‘Маған әскери билет керек’ деп өтініш бересіз. Барлығы ашық түрде, кезекпен өтеді, төлем жасалады және кезегі келгенде курстардан өтіп, әскери билет аласыз”, – деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

«Мұқағали Мақатаевты сорлы еркекке» теңеген блогерден ақынның ұлы 10 млн теңге өтемақы талап етті

Қазақстанда соңғы қоңырау қай күні соғылады?

Redaktor Shyn-Ar

Қаңғыбас иттерге қатаң шаралар енгізіледі