«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратМәдениет

Рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер ынталандырылады – Балаева

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда әлеуметтік саясатқа қатысты тапсырмаларының орындалу барысын түсіндірді. Оның айтуынша, Президент әлеуметтік саясатқа ерекше назар аударып, бірінші кезекте шешілуі тиіс маңызды мәселелерді белгіледі. Осыған орай, «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары аясындағы жүйелі жұмыстар жалғасады.

Министр атап өткендей, мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл мақсатта нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі әрі түсінікті нұсқаулықтар әзірленеді.

Аида Балаева мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру тетіктерін әзірлеу жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Еске салсақ, кеше өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәдениетіне қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелерге тоқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыдағы өрт: балаларға қауіпсіз орын және психологиялық көмек ұйымдастырылды

«Жалған жеңілдік» үшін кәсіпкерлер жазаланады

Отмена 50-процентной скидки на штрафы: депутат объяснил предложение