«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Алматыда елдегі алғашқы крематорий іске қосылды

матыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ресми түрде іске қосылды. Нысан қалалық инфрақұрылымның бір бөлігі ретінде Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қарасты Қалалық патологоанатомиялық бюро теңгеріміне берілген.

Крематорий заманауи технологиялармен жабдықталған. Чехияда өндірілген екі кремациялық пеш орнатылған, олар көпсатылы сүзгі жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бұл жүйе түтін газдарын толық жандыруға мүмкіндік беріп, зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.

Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Пештер тәулігіне орта есеппен 8 рәсімге дейін орындай алады. Кремация үдерісі қатаң регламентке сәйкес жүргізіледі: мәйітті қабылдау, сәйкестендіру, рәсімді өткізу, күлді өңдеу және туыстарына тапсыру кезеңдерін қамтиды. Әр кезең құжаттық бақылаумен рәсімделеді.

Кешенде қоштасу рәсімдерін өткізуге арналған арнайы залдар қарастырылған. Сондай-ақ туыстары үшін рәсімді бақылауға мүмкіндік беретін бөлме бар. Қызметкерлер арнайы дайындықтан өткен және санитарлық талаптар мен кәсіби этика нормалары сақталады.

Кремация қызметінің құны шамамен 240 мың теңгені құрайды. Күл арнайы құтыға салынып, туыстарына беріледі немесе келісімшарт негізінде уақытша сақталуы мүмкін.

Ресми мәлімет бойынша, кремация тек марқұмның тірі кезінде берген келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады. Сонымен қатар кейбір мәселелер, соның ішінде жекелеген санаттарға қатысты рәсімдер, заңнамалық тұрғыда әлі де қарастырылу кезеңінде.

Жоба жерлеу қызметтерін әртараптандыруға және қаладағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Өз елімізде қазақша қызмет ала алмаймыз»: Adidas дүкеніндегі жанжал қоғамды дүрліктірді

Жасанды интеллектті қолдану ережелері өзгерді: Жаңа заң нені міндеттейді?

Redaktor Shyn-Ar

Күзде Қазақстанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін – Энергетика министрлігі

Redaktor Shyn-Ar