«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Карта мен QR төлемдерін қабылдамайтын дүкендерді әшкерелейтіндерге сыйақы беріледі

25 тамыздан бастап бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін бұзған кәсіпкерлерді анықтауға көмектескен азаматтарға 1 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Сыйақы алу үшін заңбұзушылықты растайтын дәлел ретінде мобильді аударымның түбіртегін көрсету жеткілікті. Азамат анықталған заңбұзушылық туралы ақпаратты кәсіпкердің немесе нысанның орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы жіберуі қажет.

Мемлекеттік кірістер органдары саудагердің заңсыз әрекетін тексеріп, заңбұзушылықты растағаннан кейін ғана ақпарат ұсынған азаматқа сыйақы төленеді. Ал талаптарды бұзған кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, тұтынушыға чек бермеу, төлемді мобильді аударым арқылы немесе тек қолма-қол ақшамен қабылдау да заңбұзушылық болып саналады.

Сондықтан сауда орындары заң талаптарына сәйкес төлемдерді қабылдап, тұтынушыға кассалық чек беруге міндетті.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстандықтарды қажылыққа 4 туроператор ғана апара алады

Бос жұмыс орындары — 2025: кімдерге сұраныс жоғары, мамандар қай аймаққа қажет

Redaktor Shyn-Ar