«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Қазақстан Президенті Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтон қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 19 ақпанда хабарлады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар ел көшбасшыларымен және АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесулер өткізеді.

Бұған дейін 18–19 ақпан күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дональд Трамптың шақыруымен аталған кеңестің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған болатын.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, бейбітшілікті нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті жеткізу бойынша нақты шараларды әзірлеу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, сапар шеңберінде Мемлекет басшысы америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтарға тиімді ипотека мен автонесие беріліп, бизнесті тексеру тоқтатылады: Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар жариялады

Қазақстанда үшінші ұлттық валюта пайда болды

Redaktor Shyn-Ar

Бүлік, жауапкершілік және әділдік: Президент Қаңтар оқиғасы туралы ашық айтты

Redaktor Shyn-Ar