«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСаясат

Сайлаудың нәтижелері жарияланды: Құрылтайға қанша партия өтті?

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлаудың exit-poll нәтижелері жарияланды. Алғашқы сауалнама қорытындысына сәйкес, бес саяси партия 5 пайыздық межеден өтіп, Құрылтайға өтуі мүмкін. Бұл туралы «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» хабарлады.

Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша жүргізілген exit-poll нәтижелері мынадай:

  • «Әділет» партиясы — 71,80%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 6,40%;
  • Respublica — 5,40%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) — 5,20%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы — 5,10%;
  • Қазақстан халық партиясы (ҚХП) — 3%;
  • «Барлығына қарсымын» — 2,10%;
  • «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы — 1%.

Осы нәтижеге сәйкес, «Әділет», «Ауыл», Respublica, ЖСДП және «Ақ жол» партиялары Құрылтайға өтуі мүмкін.

Сонымен қатар, Қоғамдық саясат институты ұсынған exit-poll нәтижесінде де «Әділет» партиясы айқын басымдықпен көш бастап тұр.

Ал «СОЦИС-А» жүргізген exit-poll қорытындысы бойынша:

  • «Әділет» партиясы — 70,7%;
  • «Ауыл» партиясы — 6,4%;
  • Respublica — 5,5%;
  • «Ақ жол» — 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ОСДП) — 5,0%;
  • Қазақстан халық партиясы — 3,2%;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы — 1,2%;
  • «Барлығына қарсымын» — 2,7%.

Қолданыстағы талапқа сәйкес, партияның Құрылтайға өтуі үшін сайлаушылардың жалпы санының кемінде 5 пайызының дауысын жинауы қажет.

Айта кетейік, exit-poll нәтижелері алдын ала мәлімет болып саналады. Сайлаудың нақты алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Соңғы нәтижелер 30 тамызға дейін белгілі болады.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

Redaktor Shyn-Ar

Дональд Трамп Абу-Дабиге барды

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан топ қолға түсті