«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратМәдениет

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ресей туризм саласында ынтымақтастық орнататын болады
көрнекі сурет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен Ресей Федерациясының Үкіметімен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілді.

Құжатта тараптар келесі негізгі бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады:

  • бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында жарнамалық науқандарды өткізу;
  • білім беру, спорттық іс-шараларға, музыкалық, театрлық және фольклорлық фестивальдерге бару мақсатында топтық және жеке туризмді ұйымдастыру мәселелерін қоса алғанда, туризмді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізу;
  • халықаралық пікірталас алаңдарын ұйымдастыру, туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге, форумдарға және Тараптардың аумақтарында өткізілетін туристік бағдарламалар мен маршруттардың тұсаукесеріне қатысу;
  • мемлекеттердің туристік ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өзара танысу сапарларын ұйымдастыру;
  • туризм саласына инвестиция тартуға жәрдемдесу;
  • туризмді дамытуға байланысты тараптар мемлекеттерінде инновациялық көліктік-логистикалық технологияларды дамытуға жәрдемдесу;
  • қонақ үй менеджменті мен туристік қызметті дамыту бойынша тәжірибе алмасуды жүзеге асыру;
  • мүдделі ұйымдардың туристік сала мамандарымен тәжірибе алмасу арқылы туризм саласында кадрлар даярлауға жәрдемдесу;
  • мемлекеттердің шекаралас аудандарында, оның ішінде көпжақты форматтарда трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту;
  • мемлекеттер порттары арасында круиздік кеме қатынасын дамыту бойынша келісілген шараларды қабылдау;
  • туристік кешендер мен рекреациялық аймақтарды құруды қоса алғанда, туризм саласындағы ақпаратпен және тәжірибемен, сондай-ақ мемлекеттердің заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық жеңілдіктер туралы ақпаратпен алмасу.
  • Ол сондай-ақ мемлекеттердің құзыретті органдары арасында туризм саласындағы статистикалық және басқа ақпараттармен алмасуды ынталандыруды және қолдауды көздейді, оның ішінде:

    • мемлекеттердегі туристік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
    • туристік объектілер болып табылатын Қазақстан мен Ресейдің табиғи және мәдени объектілерін қорғауға және сақтауға байланысты нормативтік құқықтық актілер;
    • туризм саласындағы қолданыстағы стандарттар;
    • туризм саласындағы статистикалық мәліметтер;
    • мемлекеттердің туристік мүмкіндіктері;
    • туристік қызмет көрсету сапасын арттыру және туризм саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесі.

    Келісімде сондай-ақ тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа тарап мемлекетінің аумағында орналасқан туристердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде оларды эвакуациялау шараларын қоса алғанда, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайтыны айтылған.

    Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

Redaktor Shyn-Ar

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar

Маңғыстау облысында электр энергиясының бағасы көтерілді

shyn_ar_admin

Пікір жазу