«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазгидромет Алматы мен тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен тағы 5 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады.

«2025 жылдың 11 ақпанында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Қазақмысты» Ресейге сатады деген ақпарат рас па?

Министр коммуналдық қызметтің неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Алматы әкімі су тарифіне байланысты пікір білдірді

Redaktor Shyn-Ar

Пікір жазу