«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін
көрнекі суре

Қазақстанда ұлттық ымдау тілі мен дактиль әліпбиі әзірлене бастады

Қазақстанда қазақ ымдау тілі мен дактиль әліпбиін — қол мен саусақ қимылдары арқылы әріптер мен сөздерді жеткізетін жүйені — әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев депутаттық сауалға берген ресми жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, толыққанды ұлттық ымдау тілін қалыптастыру — есту қабілеті шектеулі азаматтарға тең мүмкіндіктер ұсынуда маңызды қадам. Бүгінде елімізде ресми түрде танылған қазақ ымдау тілі жоқ. Бұл өз кезегінде естімейтін және нашар еститін адамдардың білім алуына, әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуіне және қоғам өміріне белсенді араласуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

«Қазақ ымдау тілін әзірлеу барысында халықаралық тәжірибеге сүйенеміз. Ұлыбритания, Исландия, Аустралия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Испания, Швеция және Оңтүстік Африка секілді елдерде ымдау тілі ресми түрде танылған және кеңінен қолданылады. Қазақстанның шетелдегі өкілдіктерінің көмегімен үздік тәжірибелер зерттеліп, олар ұлттық ерекшеліктерге бейімделетін болады», – деді Көшербаев.

Жоба аясында дактиль әліпбиін әзірлеу, ымдаудың сөздігін құрастыру, сондай-ақ ымдау тілі аудармашыларын даярлайтын білім беру бағдарламаларын іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, мектептер мен әлеуметтік мекемелерге арналған арнайы оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындалады.

Айта кетейік, қазақ дактиль әліпбиі алғаш рет 1998 жылы жарық көрді. Ол білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрліктері бекіткен, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердің даярлық сыныптарына арналған «Әліппе» оқулығында қолданылған.

Ұқсас жаңалықтар

НЗМ-дегі оқушы әрекеті қоғамда резонанс тудырды: Мектеп басшысы не дейді?

7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру – тым қатаң жаза – депутат

Redaktor Shyn-Ar

Дорога в обход Тараза станет платной с 5 мая 2025 года

Пікір жазу