«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік береді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың ақбөкен (киік) беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл бастама Қытайдың батыс өңірінде ақбөкендерді жерсіндіру және олардың популяциясын қалпына келтіруге бағытталған.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан тарапына ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын арттыру үшін жүйелі шаралар қолға алынатынын атап өтті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында ҚХР Төрағасын ресми түрде қарсы алған болатын. Құрмет көрсету рәсімінде балалар қонақты қазақ және қытай тілдерінде қарсы алды.

Келіссөздер барысында Президент Тоқаев Қытай халқы қазақ халқына еш зиян келтірмегенін атап өтті. Өз кезегінде Си Цзиньпин көрсетілген сый-құрметке алғысын білдірді.

Екі ел басшыларының келіссөзі нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай табиғи апаттар, соның ішінде жер сілкінісіне қарсы бірлесіп әрекет етуге уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Болатты атқан қару қайдан келді?: Оқиға анықталып жатыр

Redaktor Shyn-Ar

Белгілі журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

Енді қазақстандықтар жаппай психикалық тексерістен өтеді

Пікір жазу