«Шын-Ар» ақпараттық порталы
ӘлеуметСот

Нұрғанат Ғайыпбаевтың жұмбақ өлімі мен Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеу ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ

Жаңалықтар Авто Пікір Курсив газеті Курсив Research Қоғам Lifestyle Экономика Спорт Редакция Жарнама Арнайы жобалар Казахстан Узбекистан Жаңалықтар Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша тергеу жалғасып жатыр – ІІМ
Көрнекі сурет

Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Нұрғанат Ғайыпбаевтың жұмбақ өлімі мен Қаржаубай Нұрымовтың Талғардағы үйінің өртенуіне байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол сәрсенбі күні журналистер сұрағына жауап берген кезде айтты.

«Іс арнайы прокурордың өндірісінде. Ол жақта тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу амалдарына қатысты түсініктеме бере алмаймын. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз», – деді министр.

Министрдің айтуынша, Ғайыпбаевтың өліміне қатысты да тергеу әлі аяқталған жоқ. Бұған дейін полиция оның өз-өзіне қол салғанын айтқан. Алайда марқұмның туыстары бұл нұсқамен үзілді-кесілді келіспей, оқиғаның өзге де қырлары қарастырылуы тиіс екенін мәлімдеген.

Оқиға өткен жылы күзде Талғар қаласында басталған. 16 жастағы Шерзат Полат бір топ адамның қолынан қаза тапты. Арада көп уақыт өтпей, оның отбасылық үйі өртеніп, ал жақын туысы Нұрғанат Ғайыпбаев жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Жуырда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бірнеше айыпталушы 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Дегенмен Полаттың отбасы үйінің өртенуі мен Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу нәтижесі әлі күнге дейін жарияланған жоқ.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов сот үкімімен өндірілген қаражатты балалар үйіне аударатынын мәлімдеген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір тіл ресми мәртебеге ие болуы мүмкін

Redaktor Shyn-Ar

Азаматтардың жалақысы қатты өсіп кетті — Жұманғарин

Шымкентте миллиондаған қаржыға отырғызылған ағаштар қурап жатыр

Пікір жазу