«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚұқық

Ansar Gold: 200-ден астам азамат қаржы пирамидасының құрбаны болды

200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған
Ашық дереккөзден

Күдіктілер өздерін зергерлік бұйым саудасымен айналысатын компания ретінде таныстырып, салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60 пайызы көлемінде ай сайын табыс түсетінін уәде еткен. Сонымен қатар негізгі салымдардың сақталуына кепілдік берілетіні айтылған.

Алайда, нақты төлемдер компания қызметінен немесе тауар сатудан емес, кейінгі қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған. Осылайша, қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған.

Сонымен қатар күдіктілер өздерінің туыстарын «дроп» ретінде пайдаланып, олардың банк карталары арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешіп отырған.

Агенттіктің мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат қамауға алынды.

– Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ресми хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда заң бұзушылықты видеоға түсіргендерге 43 мың теңгеге дейін беріледі

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар — ТЖМ

Алматыда жер сілкінісін алдын ала ескертетін ғылыми орталық ашылды