«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратДенсаулық

“Бүйрегін алып тастадық“. Павлодарда анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы айтылды

Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секірді.

30 шілде күні Павлодар қаласында қайғылы оқиға орын алды. Әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Қазір дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кіші бала ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Ішкі қан кету және сол жақ бүйректің қатты зақымдалуына байланысты ота жасауға тура келген. Дәрігерлер баланың бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды. Отадан кейін баланың жүрегі тоқтап қалғанымен, медицина қызметкерлері оны қайта тірілтіп үлгерген.

— Баланың жағдайы өте ауыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, — деп хабарлады емдеу мекемесінің өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Ұқсас жаңалықтар

Какие фары можно использовать на казахстанских дорогах

Алматыда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы анықталды

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылады: Министр түсіндірді