«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратТағайындау

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болды

Айдар Әхметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Әхметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың шілде айынан бері ол Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Сауда комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Айдар Әбілдабеков 55 жаста. Ол академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп, сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.

1998–2009 жылдар аралығында кеден органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті басшысының орынбасары және бөлім басшысы.

2010–2022 жылдары Статистика агенттігі мен ұлттық статистика жүйесінде еңбек етіп, басқарма басшысы, департамент басшысының орынбасары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының статистика департаменттерін басқарды.

2022–2023 жылдары Сауда комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Ұқсас жаңалықтар

Досаев Алматы әкімі қызметінен босатылды

Тегін емнің тізімі: МӘМС жүйесіне жаңа аурулар енгізілді

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев: Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды