«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратҚоғам

Қазақстанда қыркүйектен бастап айыппұлдар қоғамдық жұмыстармен алмастырылады

қоғамдық жұмыс

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда әкімшілік жазаның жаңа түрі – қоғамдық жұмыстар енгізіледі.

Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 9 бабына сәйкес күшіне енеді. Енді кейбір құқық бұзушылықтар үшін айыппұл немесе қамақ орнына қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін. Мұндай шара келесі құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады:

  • Отбасындағы құқыққа қарсы әрекеттер (73-бап);

  • Ұсақ бұзақылық (434-бап);

  • Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап);

  • Әдейі жалған түрде шұғыл қызметтерді шақыру (438-бап, 2-бөлік);

  • Қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйінде жүру (440-бап, 3-бөлік);

  • Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау (443-бап, 2-бөлік);

  • Қоғамдық орындарда тиісу (449-бап, 2-бөлік);

  • Арнайы көлікке жол бермеу (598-бап, 2-бөлік);

  • Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін жүйелі түрде бұзу (615-бап, 4-бөлік).

Қоғамдық жұмыстардың орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайды. Ал олардан жалтарғандар Әкімшілік кодекстің 669-бабына сәйкес қосымша жауапкершілікке тартылатын болады.

Билік өкілдерінің айтуынша, бұл жаңашылдық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың тәртіп деңгейін арттыруға және қоғамдық тәртіп пен экологияға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қант диабеті мен БЦП әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінен алынып тасталады

Алматы Болат Назарбаевқа өткен зауыт мүлкін мемлекетке қайтарады

Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды