«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСпорт

Қазақстанда жеті қалада 7 стадион салынбақ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында еліміздегі жаңа стадиондар құрылысының барысы туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, Алматыда жаңа стадион салу жоспарланып отыр.

– «Жеті қалада жеті стадион салуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Қызылордада УЕФА стандарты бойынша үшінші санатқа сәйкес келетін стадион осы күзде пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен стадиондар құрылысы басталып кетті», – деді ол.

Сонымен қатар, министр стадиондардың мемлекетке түсетін түпкілікті құны жобалау жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болатынын атап өтті.

– «Мемлекет басшысы шетелдегі жеке клубтардың тәжірибесін мысалға келтіріп, стадиондарды мемлекеттік қаржы есебінен емес, өзге тетіктер арқылы қаржыландыру міндетін қойды», – деді Мырзабосынов.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы жолдастық кездесуді кімнің жүргізетіні белгілі болған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Атырауда жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды

Араб инвесторлары Қазақстанның технология саласына 250 млн доллар инвестиция салмақ

Redaktor Shyn-Ar

Аңның киесі: Ұрпақ жадында қалған тылсым оқиға

Redaktor Shyn-Ar