«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпаратСпорт

Қазақстанда барлық футбол клубы жекенің қолына берілмек

Қазақстандағы барлық кәсіби футбол клубтарын алдағы 2–3 жылда жеке инвесторларға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚФФ кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылы төрт клуб жеке меншікке өтеді. Қазан айында премьер-министр Олжас Бектенов Freedom Holding Corp. Қарағандының «Шахтер» клубы үшін стадион мен академия салуға қызығушылық білдіргенін айтты. Сондай-ақ Сергей Канның «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубын, ал Kaspi Group Астананың «Жеңіс» клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда.

Қызылорданың «Қайсар» клубы жеке кәсіпкер Ислам Козбақовқа тиесілі TAU GROUP компаниясына берілді. Инвестор екі жылда 12 млрд теңгеге жаңа академия салып, балалар футболына басымдық бермек. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та «Ақтөбе» клубының жекешелендірілетінін хабарлады.

Қазір елде 32 кәсіби клуб бар, олардың 35%-ы жеке меншікте. Жекешелендіру футболды басқару моделін өзгертіп, спорттық нәтижелер мен қаржылық тиімділікке бағытталмақ. ҚФФ 2025–2030 жылдарға арналған стратегияны бекітіп, басты мақсат ретінде 2030 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өтуді белгіледі. Келесі маусымда «Қайрат» алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қыркүйектен бастап айыппұлдар қоғамдық жұмыстармен алмастырылады

Redaktor Shyn-Ar

«СҚО: Бөгетке көмектескені үшін баланың әкесіне әкімшілік жаза қолданылды

Қазақстан парламенті жасанды интеллект туралы заң қабылдады