«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

«Жұрт кредитке тамақ алуға мәжбүр»: депутат жалақының кешіктірілуі туралы мәселе көтерді

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев азаматтардың қарызға тамақ алып жүргенін айтып, жалақыны уақытында төлемеу мәселесін көтерді.

«Қоғамдағы қымбатшылық күн сайын өсіп жатыр. Жұмыссыздық та төмендемей отыр. Мұның бәрі азаматтардың лайықты өмір сүруіне кедергі келтіруде. Енді оған тағы бір өзекті мәселе қосылды – заңды түрде жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақысын уақытында ала алмайды. Жұмыс берушілер еңбекақыны кешіктіреді. Соның салдарынан адамдар несиесін жауып үлгермейді. Тіпті супермаркеттерде азықты кредитке алуға мәжбүр болып отыр», – деді депутат.

Нартай Аралбайұлы осы жағдайға жол берген жұмыс берушілерге қандай шара қолданылатынын сұрады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев депутат сауалына жауап беріп, тиісті жауапкершілік Еңбек кодексінде қарастырылғанын айтты.

«Егер жұмыс беруші айлықты уақытында төлемесе, ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Қазіргі кезде олардың жауапкершілігін күшейту мәселесі қаралып жатыр. Алайда Жұмыс берушілер конфедерациясы мен “Атамекен” ұлттық палатасы айыппұл мөлшерін арттыруға қарсы пікір білдіруде, себебі барлық кәсіпорында оған мүмкіндік жоқ. Бұл мәселе талқылау үстінде», – деді вице-министр.

Ұқсас жаңалықтар

8 облыс су тасу қаупі жоғары аймақтар қатарына кірді

Redaktor Shyn-Ar

Украина аумағының бір бөлігін Ресейге беруге тура келуі мүмкін – Трамптың арнайы өкілі

Ыстықкөлдегі төрт нысан Қазақстанның меншігінде қалады