«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Тоқаев: Путин Назарбаевты оның жеке өтініші бойынша қабылдағанын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Президент қоғамда кеңінен талқыланған бірқатар мәселеге қатысты пікір білдірді.

Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі қоғамда түрлі пікір туғызғаны белгілі. Бұл басқосу төңірегінде әртүрлі болжамдар айтылып, тіпті Қазақстандағы болашақ билік транзитіне қатысты алып-қашпа әңгімелер тарады.

Осы мәселеге байланысты қойылған сұраққа Қасым-Жомарт Тоқаев кездесулердің бейресми сипатта өтетінін атап өтті.

«Санкт-Петербургтегі кездесуде Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның жеке өтініші бойынша қабылдағанын айтты. Ресей президенті қарбалас кестесіне қарамастан, сенбі күні Қазақстанның тұңғыш президентімен асықпай әңгімелесуге уақыт бөлді. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Еуразиядағы ықпалдастық үдерісінің бастауында тұрған тәжірибелі саясаткер ретінде бағалайды. Кремльдегі кездесу оның адамгершілік қасиетін көрсетеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мұндай кездесулер барысында қандай әңгіме өрбігені өзіне маңызды емес екенін және бұл жөнінде ешқашан сұрақ қоймайтынын да атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне тоқталып, оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға ретінде бағалайтынын айтты. Оның мемлекеттік институттарды қалыптастыру, нарықтық экономиканы дамыту және жаңа астананы салудағы еңбегі ерекше екенін жеткізді.

«Біз Қазақстанды Әділдік, Заң және Тәртіп қағидаттарына негізделген ел етуді мақсат етеміз. Сондықтан әр азаматтың еңбегі әділ бағалануы керек. Бұл еліміздің тұңғыш президентіне де қатысты», – деді Президент.

Ал билік транзиті туралы сауалға Мемлекет басшысы: «Бұл мәселені қозғауға әлі ерте. Алдымызда нақты іске толы бірнеше жыл бар», – деп жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

270 сарбаздың өлімі: министрлік себебін түсіндірді

Redaktor Shyn-Ar

Атырауда 141 тендер ұтқан депутат компаниясы әкімдікпен ауыз жаласты ма?

Redaktor Shyn-Ar

Қазақстанда мал саны өссе де, өнім неге азайып жатыр?: сенатор ресми деректерге күмән келтірді