«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемСаясат

Зеленский Ресеймен энергетикаға қатысты ішінара бітімге келгенін мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен энергетика нысандарына қатысты уақытша ішінара бітім жарияланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап энергетика саласына соққы жасамау жөнінде уағдаласқан. Бұл келісім Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында жасалған.

Зеленскийдің сөзінше, «энергетикалық бітім» қатты аяз жағдайында Украина үшін аса маңызды шешім болған. Ол келіссөздерге ықпал еткені үшін АҚШ-қа алғыс білдірді.

«Энергетика нысандарына соққыларды тоқтатуға бағытталған күш-жігері үшін Америкаға рахмет. Біз АҚШ бұл келісімнің орындалуына қол жеткізе алады деп үміттенеміз. Бүгінгі және алдағы күндердегі жағдай бәрін көрсетеді. Жасасын Украина», – деп жазды Зеленский Telegram-арнасында.

Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен министрлер кабинетінің отырысында Ресей президенті Владимир Путинге қатты аязға байланысты Киев пен Украинаның басқа қалаларына шабуылдарды бір аптаға тоқтата тұруды жеке өзі сұрағанын айтты. Бұл жиын Ақ үйдің YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

«Бұл жай ғана суық емес, бұл – бұрын-соңды болмаған экстремалды аяз. Осындай жағдайда президент Путиннен Киев пен өзге де қалаларға бір апта бойы соққы жасамауды сұрадым», – деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Владимир Путин бұл өтінішті орындауға келіскен.

«Көп адам “қоңырау шалудың қажеті жоқ, бәрібір нәтиже болмайды” деді. Бірақ ол келісті. Біз бұған өте қуаныштымыз», – деп қосты Трамп.

Алайда аталған келісімге қатысты Ресей тарапы әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Айына миллион: Қазақстанда ең жоғары жалақы алатындар анықталды

Жетісайдағы өрт: Тоқаев қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды

Қазақстанда жүзден аса стоматология жабылды