«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Таразда әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді

Тараз қаласында қайғылы оқиға орын алды. Жамбыл облысында 36 жастағы әйел екі кәмелетке толмаған баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханалардың бірінде болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын терезеден лақтырған. Абырой болғанда, екі бала да тірі қалып, жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тараз қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салайық, осыған ұқсас қайғылы оқиға былтыр 30 шілдеде Павлодар қаласында болған. Ол кезде көпқабатты үйдің тұрғыны 7 жастағы және 1,5 жастағы екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірген.

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС-ке ақша төлемеген, емханада тіркеуде жоқ азаматтар не істейді?

Redaktor Shyn-Ar

150-ден астам іс-шара өткен Ғылым декада мәресіне жетті

Redaktor Shyn-Ar

Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады

shyn_ar_admin