Алматыда қоғамдық көліктерде Avtobys бірыңғай цифрлық жолақы төлеу жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылады. Жүйе Қазақстан мен Қырғызстанның 24 қаласында қолданыста және отандық технологиялық холдинг әзірлеген.
Avtobys арқылы жолақыны банк картасы, көлік картасы, Apple Pay, Google Pay, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы QR-код, NFC, Bluetooth немесе көлік нөмірі бойынша төлеуге болады. Жеңілдік санатындағы жолаушылар тарифті қосымшада онлайн рәсімдей алады.
Жүйе сапарларды есепке алудың ашықтығын арттырып, билетсіз жүруді азайтады және маршруттарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолаушылар қоғамдық көліктің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Avtobys қосымшасын Google Play немесе App Store арқылы жүктеп, тіркелу жеткілікті. Алғашқы кезеңде жүйе жекелеген маршруттарда іске қосылып, кейін бүкіл қала бойынша енгізіледі.
