«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратҚоғам

Павлодарда мемлекеттік рәміздерді жоюға қатысты видеоға ресми түсініктеме берілді

Әлеуметтік желілерде бір топ адамның Қазақстанның мемлекеттік туы мен елтаңбасын өртеп, бөлшектеп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылап, түрлі пікір білдірді. Кейінірек аталған видео Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде түсірілгені белгілі болды.

Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, видеода көрсетілген әрекеттер жарамсыз деп танылған мемлекеттік рәміздерді жоспарлы түрде жою рәсімі болған. 5 ақпан күні М. Жүсіп атындағы мектепте арнайы құрылған комиссия Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік рәміздерді жойған.

Білім бөлімінің мәліметінше, видео әлеуметтік желілерге жариялау үшін емес, ішкі есеп беру мақсатында түсірілген. Алайда бақылаудың жеткіліксіздігінен бейнематериал интернетке тарап кеткен.

Осы жағдайға байланысты мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Ер адамның еңбек кітапшасындағы мөрге байланысты 13 жылдық өтілі есепке алынбаған

«Орыстар – әлдеқайда білімді, жауапкершілігі жоғары және тиянақты» – Марғұлан Тұрсынов

Redaktor Shyn-Ar

«Сотта қойылмаған сұрақтар»: Шерзаттың әкесі қайта шақырылды