«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлеумет

Қазақстанда ветеринарлардың жалақысы 25 пайызға өсуі мүмкін

Қазақстанда ветеринария саласы қызметкерлерінің жалақысын кемінде 25 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы және «Ауыл» партиясының жетекшісі Серік Егізбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде ветеринария саласына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа заң жобасы саладағы өзекті мәселелерді шешуге және мамандардың мәртебесін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ветеринарияны дамытуға 27 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Заң жобасында бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған. Атап айтқанда, ветеринария мамандарының еңбекақысы кемінде 25 пайызға өседі. Сонымен қатар қосымша төлемдер енгізіліп, оның ішінде екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысын беру көзделген. Бұдан бөлек, мамандарды арнайы киіммен және жұмысқа қажетті құралдармен қамтамасыз ету нормалары заң жүзінде бекітіледі.

Серік Егізбаевтың айтуынша, қазіргі таңда ветеринария саласының беделі төмен. Осыған байланысты ұсынылып отырған заң жобасы мамандардың еңбек жағдайын жақсартуға және олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған. Ол бұл бастаманы «Ауыл» партиясы фракциясы мен өзге де депутаттар қолдап отырғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында иттер 52 жастағы әйелді талап тастады

Түркия енді Орталық Азияны «Түркістан» деп атайды

Алматыда №215 қазақ мектебінде орыс сыныптарын ашуға ата-аналар қарсы шықты

Redaktor Shyn-Ar