«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

«Өлсе, көрінде өкірсін»: Серікжан Біләштің марқұм Мұхтар Шаханов туралы айтылған сөз қоғамды дүрліктірді

Screenshot

Қазақ қоғамы халық ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден өтіп, ел қара жамылып отырған тұста Қытайда туып-өскен қоғам белсендісі Серікжан Біләш марқұм туралы айтқан мәлімдемесі қоғамда қызу талқы туғызды.

Қазір шетелде жүрген белсенді TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған видеосында бұрынғы сот дауына қатысты өкпесін айтып, марқұмға ауыр айыптаулар білдірді.

Ол видеода:

«Ол кісі ол жаққа бізден ертерек бара тұрады екен. Ол жаққа барғанда, 2019 жылы менің үстімнен арыз жазып, сотқа сүйрегені үшін жағасына жармасамын ғой. Арыз жазғанымен қоймай, сотта куәгер де болған еді. О дүниеге барғанда ол кісі өтірік алжып, білмегенсиді. Періштелер де шыңғыртып хақымды алып бергенде, құтыла алмайды ғой. Жақсы адам емес, өлеңі керемет. Бірақ ісі керемет емес. Шығарманы өте керемет жазады, ақындық талантын мойындаймын, бірақ арсыз. Менің жауабым – осы. Мұхтар Шаханов өлді дейді. Оған Жаратушының лағнеті жаусын. Мені соттапты, мен сондықтан оны өмір бойы жек көріп өтемін. Енді „Мұхтар Шахановтың қасында кімсің? Оның ақындығы керемет“ дейтіндерге айтарым: онда сені де, сенің балаңды да біреу Мұхтар Шаханов сияқты ірі ақын, тұлға соттатсын. Сол кезде сенің осы сөзді айтқаныңды көремін. Әмин», — деді ол.

Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желі қолданушылары жаппай қарсылық білдіріп, мұндай сөздерді ел аза тұтып отырған тұста айту орынсыз екенін жазуда. Көпшілік марқұмға құрмет көрсету — ұлттық таным мен адамгершілік қағидаларының бірі екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жайылым жер мәселесі Қарақұрда дау тудырды

Redaktor Shyn-Ar

Мәселе психологтерде ғана болса, әскердегі өлім-жітім баяғыда тыйылар еді – Дәния Еспаева

Мемлекеттік тілдің қолданысын арттыруға бағытталған республикалық курс өтті

Redaktor Shyn-Ar