«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратҚоғам

Алматыда велосипед мінген азамат зейнеткерді қағып, қашып кеткен

Оқиға 1 маусым күні қаладағы сауда орталықтарының бірінің маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, велосипед мінген азамат зейнеткер әйелді қағып, көмек көрсетпестен ізін суытқан. Зардап шеккен әйелге алғашқы көмекті сол маңдағы адамдар көрсеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиға орнынан қашып кеткен азаматтың жеке басын анықтап, оны ұстау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Дубайдағы зымыран түскен элиталық кешеннен қазақтарға тиесілі 97 пәтер анықталды

1 шілдеден бастап самокатқа міну қиындайды

Аяқ-қолы жоқ қазақстандықты 10 жыл бойы аялдамада қайыр сұрауға мәжбүрлегендердің мерзімі қысқарды