«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратЗаң

Сәрсемәлиев Атыраудағы бір отбасын өлтіргені үшін Меккеге барып, кешірім сұраған

Сұлтан Сәрсемәлиев Атырауда бір отбасының төрт мүшесін өлтіргеннен кейін Түркия арқылы Меккеге барғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мақсаты жасырыну емес, Құдайдан кешірім сұрау болған.

Сотта сөйлеген сөзінде ол Меккеде шамамен он күн жалғыз болғанын, тіпті өзіне қол жұмсау туралы ойлағанын айтты. Сонымен бірге ол марқұмдардың да кінәсі болғанына сенетінін жеткізді.

Сәрсемәлиев әйелі Ақбаянды жалғыз қалдырғысы келмегендіктен өзімен бірге алып кеткенін айтты. Ерлі-зайыптылар алдымен Ташкентке барған, кейін Түркияға көшу жоспары жүзеге аспаған соң Балиге баруды көздеген.

Сотталушы шетелде жүргенде тергеуге қатысты ақпараттарды бақылап отырғанын, әлеуметтік желідегі жарияланымдарды көргеннен кейін қаза тапқан туыстарының SIM-карталарын жойғанын айтты.

Сондай-ақ ол әйелі туыстарының өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеп, мұны растайтын аудиожазба болғанын, алайда оны іс материалдарына қоспағанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Марқұмды кез келген жерге жерлеуге болмайды: Алматыда зиратқа қатысты жаңа қағидалар бекітілмек

Redaktor Shyn-Ar

«Самұрық-Қазына» триллиондарды қайда жұмсамақ: Қор басшысы есеп берді

На Алматы обрушились ураган и ливень