«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратәскер

ЛГБТ өкілдері әскерге шақырыла ма? Қорғаныс министрлігі жауап берді

Асқар Мұстабеков Қазақстанда ЛГБТ өкілдері әскерге шақырылмайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген министр орынбасары заңнамада мұндай норма қарастырылмағанын айтты.

«Бізде заңда мұндай ереже жоқ. Мұндай жағдайлар да болған емес», – деді Мұстабеков.

Ол сондай-ақ діни сеніміне байланысты мерзімді әскери қызметтен босату қарастырылмағанын жеткізді. Оның айтуынша, егер мұндай мүмкіндік болса, кез келген азамат діни себепті алға тартып, әскери қызметтен жалтаруға тырысар еді.

Қорғаныс министрлігі өкілінің сөзінше, әскерге шақыру мәселелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тағы бір елмен сотталғандарды алмаcуға келісті

Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады

Назарбаевтың тоқалы тағы да көпшілік алдына шықты