«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Жұманғарин инвестиция азаюы туралы пікір білдірді

Парламент отырысында депутат Бекбол Орынбеков елдегі тікелей шетелдік инвестицияның таза ағынының 1 млрд долларға азайғанын айтып, оның себебін сұрады. Оның дерегінше, 2025 жылы жалпы инвестиция көлемі 25 млрд долларға жеткенімен, таза көрсеткіш –0,9 млрд доллар болған. Бұл жағдай инвестициялардың әлі де негізінен мұнай-газ секторына шоғырланғанын көрсетеді.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазіргі инвестициялық модельдің стратегиялық мақсаттарға сай екенін, алайда ол 2030 жылға дейінгі жаңа инвестициялық саясатқа сәйкес жаңартылатынын айтты.

Министрдің сөзінше, Үкімет технологиялық және жоғары қосылған құны бар салаларға инвестиция тартуға басымдық бермек. Инвестициялық жобаларды қолдау тек іске қосу кезеңімен шектелмей, кейін де жалғасады.

Қазір инвестиция тарту проактивті тәсілмен жүргізіліп, әлеуетті нарықтар алдын ала талданып, нақты инвесторларға ұсыныстар жасалуда. Осы бағытта Investment Board құрылып, экономиканың негізгі салалары бойынша даму стратегиялары әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар инвестиция тек шетелдік капиталмен шектелмей, отандық бизнесті де қамтиды. Бұл үшін кепілдік қорлар құрылып, екінші деңгейлі банктердің қатысуы кеңейтілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Айбар Олжай: «Magnum отандық өнімді ығыстырып, ресейлік тауарларды өткізуге бейіл»

Redaktor Shyn-Ar

«Қазақстан» РТРК-ның жаңа Басқарма төрағасы тағайындалды

Алматыдағы жерді жалға алғаны үшін АҚШ Қазақстанға қанша ақы төлейді – СІМ жауап берді

Redaktor Shyn-Ar