«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

1 шілдеден бастап «теңге» сөзінің ресми жазылуы өзгерді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан заңнамасында ұлттық валютаның ресми жазылуына өзгеріс енгізілді. Енді нормативтік-құқықтық актілердің орыс тіліндегі мәтіндерінде «тенге» сөзінің орнына «теңге» нұсқасы қолданылады.

Тиісті өзгерістер жаңа Салық кодексінде және Ұлттық банктің бірқатар нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген.

Сонымен қатар заңнамалық құжаттар жаңартылған конституциялық нормаларға сәйкестендірілді. Осыған байланысты Салық кодексінде бірқатар атаулар мен терминдер жаңартылып, «республикалық референдум» термині «жалпыхалықтық референдум» атауына ауыстырылды.

Өзгерістер Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілеріне де енгізілді. Атап айтқанда, орыс тіліндегі құжаттарда «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертілді. Сондай-ақ «шетелдік» терминінің орнына «шетел азаматы», ал «ақпараттық жүйелер» тіркесінің орнына «цифрлық жүйелер» атауы қолданылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа Салық кодексінде «тенге» сөзінің ресми жазылуы өзгеретіні туралы хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ауғанстан, Нигерия және Филиппин азаматтары Қазақстан бюджетінен зейнетақы алып отырған

Қазақстанда мал саны өссе де, өнім неге азайып жатыр?: сенатор ресми деректерге күмән келтірді

Атыраулықтардың денсаулығы сыр беріп жатыр: Мұнай өңдеу зауыты түсініктеме берді