«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпаратэкономика

Қазақстан 56 мұнай-газ кен орнын аукционға шығарады

Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін электронды аукцион өтеді. Саудаға мұнай мен газ қоры бар 56 учаске шығарылады.

Электронды аукцион 2026 жылғы 18 қарашада Астана уақытымен сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Оған қатысуға өтінімдерді 5 қазанға дейін электронды аукциондар операторының платформасы арқылы беруге болады.

Аукционға қойылатын учаскелердің басым бөлігі Қазақстанның батыс өңірлерінде орналасқан. Олардың қатарында Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы аумақтар бар.

Тізімге ірі мұнай-газ активтеріне қатысты бірқатар учаске де енгізілген. Атап айтқанда, Қаражанбас мұнай және Тамдыкөл газ кен орындарының жекелекен орныген аумақтары ұсынылады. Бұл учаскелер бойынша өзге жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтары әзірге рәсімделмеген.

Кен орындарын игеру құқығы аукцион қорытындысы бойынша анықталады. Әр учаске бойынша ең төменгі инвестициялық міндеттемелер белгіленген. Негізгі инвестициялар геологиялық барлау жұмыстарына және барлау ұңғымаларын бұрғылауға бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар инвесторларға бірқатар талап қойылады. Олардың қатарында қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесін сақтау және жергілікті мамандарды тарту жөніндегі талаптар бар.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңа учаскелердің аукционға шығарылуы жер қойнауын пайдалануға арналған бірқатар келісімшарттың бұзылуына байланысты. 2022 жылдан 2026 жылдың II тоқсанына дейін міндеттемелерін жүйелі түрде орындамаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 11 келісімшарт тоқтатылған.

Мемлекетке қайтарылған учаскелерді қайта айналымға енгізу арқылы жаңа инвестиция тарту көзделіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлдағы ірі зауыттардың бірінің аукцион арқылы сатылатыны туралы жазған едік.

Ұқсас жаңалықтар

Журналист Гүлнәр Бажкенова 8 жылға сотталды

Дау тудырған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» үздік 100 кітаптың қатарына енді

Redaktor Shyn-Ar

Шерзат Полаттың өлімі: Сотта көліктегі жазба жарияланды – күдіктілер шетелге қашуды талқылаған