«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратБасты ақпарат

Қазақстанда сиыр еті қымбаттай ма? Министрлік болжамын айтты

Қазақстанда сиыр еті қымбаттай ма? Министрлік болжамын айтты

Қазақстанда сиыр етінің бағасы күрт қымбаттай ма? Бұл сұраққа Үкіметтегі брифинг барысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы килограмына шамамен 3800 теңге. Алайда өңірлер мен сауда орындарына қарай баға өзгереді. Мәселен, Астанада сиыр етінің келісі 3800 теңгеден басталып, 4 мың теңгеден жоғары сатылуы мүмкін.

«Шапағат» базарында еттің бір келісі шамамен 3900 теңге болса, «Артем» базарында бұл көрсеткіш 4400 теңгеге жуық. Министрлік сауда орындарындағы бағаны күн сайын бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Назгүл Хатепова ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жағдай сиыр етінің бағасы күрт өседі деген негіз бермейді.

«Сиыр еті бағасының күрт өсуіне негіз көріп отырған жоқпыз. Ішкі нарық өз өндірісіміз есебінен толық қамтамасыз етіліп отыр. Былтыр 4,4 мың тонна сиыр еті өндірілді. Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі артқан. Мал басы да көбейіп келеді», – деді вице-министр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өндіріс көлемінің артуы мен мал басының өсуі сиыр етінің бағасы күрт қымбаттауына қысым жасайтын факторларды әзірге байқатпай отырғанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Көкшетау қаласының тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды

shyn_ar_admin

Сара Назарбаева ауыр хәлде жатыр – дереккөз

«Жайдарман» ойыншысы күрес федерациясының басшылығына тағайындалды