«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Басты ақпарат

Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізді.

Кездесу барысында Президент мәслихаттардың азаматтар мүддесін қорғау, жергілікті бюджетті бекіту және өңірлердің дамуын бақылау бағытындағы маңызды рөлін атап өтті.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың жұмысын жандандыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына сәйкес өткізілген консультациялар барысында Олжас Бектенов пен Айбек Дәдебай қарастырылып отырған мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы Конституция талаптары мен айтылған ұсыныстарды ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Зайсаннан газ табылса, Қытайға экспорттала ма? – министр түсіндірді

Трамп өзін Нобель сыйлығына ұсынған Әзербайжан президентіне алғыс айтты

Redaktor Shyn-Ar

Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады