«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлемБілім

2025 жылы Қазақстанның IQ деңгейі өскен

  • 2025 жылы Қазақстандағы орташа IQ көрсеткіші 97,2 баллға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда сәл өсті. Әлемдік орташа IQ деңгейі 100 балл болса да, еліміздің көрсеткіші бұл деңгейден төмен қалып отыр.

Әлемдегі 126 ел арасында Қазақстан IQ рейтингісінде 65-орында тұр. ТМД елдері ішінде Қазақстан Ресей, Армения, Беларусь, Әзербайжан және Молдова секілді мемлекеттерден төмен орналасқан. Ал Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан жоғары деңгейде.

Жалпы, ең жоғары IQ Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран және Сингапур секілді елдерде тіркелсе, ең төмен IQ Габон, Ангола және Бенинде байқалады.

Қазақстандағы IQ деңгейінің өсуі елдің білім беру жүйесінің дамуымен, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың денсаулығына көңіл бөлумен байланысты. Бұл үрдістің одан әрі жалғасуы үшін білім сапасын арттыру мен инновацияларды енгізу маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫНДА ҒЫЛЫМ ДЕКАДАСЫ ӨТУДЕ

Redaktor Shyn-Ar

Жолаушылар енді пойыздың нақты қай жерде келе жатқанын онлайн режимде бақылай алады

Жемқорлықпен сотталғандарға жеңілдік жасала ма?