«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратӘлем

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын жариялады

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығатынын жариялады. Ел бұл шешімді 2026 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енгізбек.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, мұндай қадам БАӘ-нің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сай қабылданған. Негізгі мақсат – энергетика секторын дамыту, өндірістік қуаттарды арттыру және осы бағыттағы инвестицияларды жеделдету.

Абу-Даби ОПЕК құрамынан шыққаннан кейін мұнай өндіру көлемін нарықтағы сұраныс пен жағдайға қарай біртіндеп ұлғайтуды жоспарлап отыр. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл шешім өндірістік саясатты жан-жақты талдау және ұлттық мүдделерді ескеру нәтижесінде қабылданған.

Сондай-ақ құжатта геосаяси факторлардың да әсері болғаны айтылған. Атап айтқанда, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы тұрақсыздық, сондай-ақ алдағы жылдары энергия ресурстарына жаһандық сұраныстың өсуі негізгі себептердің бірі ретінде көрсетілген.

БАӘ әлемдік энергия нарығының тұрақтылығы сенімді жеткізілімдерге тәуелді екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жауапты жеткізуші болып қала беретінін мәлімдеді.

Еске салайық, БАӘ ОПЕК ұйымына 1967 жылы Абу-Даби әмірлігі арқылы қосылып, 1971 жылы мемлекет құрылғаннан кейін мүшелігін сақтап қалған. Осы уақыт ішінде ел мұнай нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге белсенді үлес қосқан.

Сонымен қатар, Абу-Даби ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығу басқа мұнай өндіруші елдермен ынтымақтастықтан бас тартуды білдірмейтінін атап өтті. Ел әлемдік нарықтың тұрақтылығын қолдауға бейілді екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, БАӘ алдағы уақытта мұнай-газ саласымен қатар жаңартылатын энергия көздері мен төмен көміртекті технологияларға инвестиция салуды жалғастырмақ.

Ұқсас жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Redaktor Shyn-Ar

АҚШ билігі Тимур Турловқа қатысты тергеу бастауы мүмкін

«2» алған оқушы келесі сыныпқа көшпеуі мүмкін: Қазақстанда бағалау талаптары күшейтіледі