«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарАқпаратӘлеумет

Назарбаев университетінің студенті жатақхананың 12-қабатынан құлап көз жұмды

Назарбаев университетінің өкілдері студенттің жатақхана терезесінен құлап қаза тапқанын растады. Қайғылы оқиға 15 тамызда болғанымен, ақпарат тек 19 тамызда жария болды.

Желі қолданушыларының айтуынша, марқұм 22 жаста болған. Бейресми деректерге сәйкес, оның өз-өзіне қол жұмсауына жеке қарым-қатынастар себеп болуы мүмкін. Бұл оқиғаның оқу орнының қызметіне қатысы жоқ деп хабарланды.

«Біздің кампус аумағында орын алған қайғылы жағдайға байланысты терең өкініш білдіреміз. Университет марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдары оқиға орнына шақырылды. Қазір студенттерге де, марқұмның туыстарына да психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр», – делінген университеттің ресми хабарламасында.

Астана полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Полиция дерегінше, студент жатақхананың 12-қабатынан құлап мерт болған. «Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деді департамент өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін ҚазҰУ-да студент қыз ректораттың 14-қабатынан секіріп кеткен еді. Сондай-ақ бір ай бұрын Назарбаев университетінің жатақханасынан тағы бір студенттің мәйіті табылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ермек Көшербаев Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Шымкентте 21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары полицияны немқұрайлылық танытты деп айыптады

Қазақстанда енді антибиотик сатып алу қиындайды