«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АймақтарСот

Шерзат ісі: куәгер қыздарға қатысты сот қаулысы күшіне енді

Шерзат Полаттың өліміне қатысты апелляциялық сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды

Бүгін Алматы облыстық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты істі қараған апелляциялық сот отырысы өтті.

Алғашқы инстанциядағы сот Д. Жақсыгелді, Э. Нұрбекова, А. Казакенов және Ю. Рузбакиевтің әрекеттерінде қылмыс белгілері болуы мүмкін екенін көрсетіп, бұл жайтқа прокурордың назарын аудару туралы жеке қаулы шығарған болатын. Аталған қаулыға байланысты куәгер Д.Жақсыгелдінің мүддесінде адвокат Д. Сыдықбеков жеке шағым түсірді.

Алайда Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл жеке шағымды қарастырып, алғашқы қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Сонымен қатар, апелляциялық сот айыпталушылардың өтініштерін қанағаттандырмай, бірінші сатыдағы үкімді де өзгеріссіз қалдырды.

Бұған дейін прокуратура куәгер қыздарға қатысты тергеудің не себепті қайта басталмағаны туралы түсініктеме берген болатын.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 4 қазанда орын алған төбелес салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат көз жұмған еді.

Арада бір ай өткен соң, 2023 жылғы 12 қазанда марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Бұл оқиға бойынша Алматы облыстық Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сол жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасының мәйіті табылды. Ал 2024 жылғы 17 маусымда Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, Шерзаттың әкесінің үйінің өртенуіне байланысты тергеу амалдарының уақытша тоқтатылғаны хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада ең үздік қымыз үшін 45 миллион теңге сыйақы беріледі

Қазақстанда казино саны көбейеді

Түркістан облысында 12 адамның қазасынан кейін жаппай тексеріс басталды