«Шын-Ар» ақпараттық порталы
АқпаратСаясат

Тоқаев: АЭС толық ядролық отын циклін қалыптастырады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» газетінде жарияланған мақаласында АЭС құрылысы елімізге уран өндіруден бастап электр энергиясын шығаруға дейінгі толық ядролық отын циклін құруға мүмкіндік беретіні туралы айтты.

Президент сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның 170-тен астам бірлескен жобадан тұратынын, онда жалпы инвестиция көлемі 50 млрд доллардан асатынын атап өтті. Ресейлік компаниялардың қатысуымен елімізде полиэтилен, бутадиен, минералды тыңайтқыштар, автокөлік шиналары және жүк көліктеріне бөлшектер өндіретін зауыттар салынып жатыр.

Энергетика саласындағы ынтымақтастық ерекше маңызды болып, Ресей арқылы Қытай мен Орталық Азияға энергетикалық ресурстар жеткізілуі қамтамасыз етіледі. АЭС жобасы жаңа технологияларды енгізуге, мамандарды оқытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және машина жасау сияқты салаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, Тоқаев 11-12 қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады.

Ұқсас жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы: Алаяқ Instagram арқылы 25 адамға «баспана әперемін» деп алдап соқты

Абылай Мырзахметов өзін мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Айзат Жұманованың өлімі: Бишімбаев ісінен кейін танылған сарапшы сотта жауап береді