«Шын-Ар» ақпараттық порталы
Ақпарат

Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындаулар мен қызметтен босату туралы жарлықтарға қол қойды.

Президенттің жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті.

Сондай-ақ Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Болат Иманбаев Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалып, осыған байланысты Армения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және өкілетті елшісі Азамат Есқараевқа қосымша міндет жүктелді. Ол енді Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Сонымен қатар Президенттің жарлықтарымен Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы елші қызметінен, Арман Исағалиев Қатар Мемлекетіндегі елші қызметінен, Абзал Сапарбекұлы Мажарстандағы елші қызметінен, ал Мәди Атамқұлов Сербия Республикасындағы елші қызметінен босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Роман Скляр президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Redaktor Shyn-Ar

Әлем чемпионы Айсара Керімбекова 20 жылдан бері аула сыпырып жүр

АЭС – болашақ энергиясы: Хайрушев заманауи реактордың артықшылықтарын атады

Redaktor Shyn-Ar